Жарнама жыры
ЕЛЕСТЕТ. Сенің үстіңде ең ыңғайлы киімің. Сен диванға ыңғайлы етіп жайғасқансың. Дәмді-тәттінің бәрі сенің жаныңда. Теледидарда ең сүйікті фильміңді тамашалап отырсың. Ой, рақат-ай!
Фильмнің ең қызық жеріне келдің. Не болар екен? дей бергеніңде ...
ЖАРНАМА!
Жарнама жүйкеге тиеді-ақ. Бұл рас. Бірақ жарнамаға тек жүйке жұқартатын, өтпейтін товарды жарнамайтын ролик деп қарамау керек. Біз бүгін жарнама жайлы ақпарат жинастырдық.
Жарнаманың 2 түрі болады:
- Тура жарнама
- Жанама жарнама
Тура жарнама- сату, жаранамалау мақсатындағы ақпараттар жиынтығы. Өз ішінде:
Пошта арқылы жарнамалау
Жеке немесе ақпараттық хаттар
Телефон арқылы жарнамалау
«әрбір есіктің алдына» ілінетін жарнама
Тегін таратылатын газет-журналдар
Жанама жарнама- топтық мәтіндегі жарнама.
Мақсатына қарай жарнамалар:
- Ақпараттық
- Салыстырмалы
- Еске салушы
Этикалық тұрғыдан жарнама:
- Этикалық нормаларға сай жарнама
- Пропаганда
- Этикалық нормаларға сай емес жарнама
- Сана-сезімге әсер ететін жарнама
Мұндағы этикалық нормаларға сай емес жарнама адамның жас мөлшеріне сай көрсетілуі қажет. Болмаған жағдайда бұл жарнама түрі де адамның сана-сезіміне теріс әсер етеді.
Проганда- тікелей адамның сана-сезіміне бағытталған. Саяси орталарда, жеке мүдделерге сай қызмет етеді.
Сана-сезімге әсер ететін жарнама- адамның психологиясын терең зерттеген компаниялардың таптырмас құралы. Бұл жарнама түрі еңбектеген баладан еңкейген қарқа дейінгі жас мөлшерін қамтиды.