Түстер сайрайды.
Байқадыңыз ба, медицина тауарын жарнамалағанда ақ, көк түстер қолданылатынын?
Ал далап не болмаса әтір жарнамасында қызыл, қызғылт түсерді ше?
Түрлі түстер. Айналамызда. Олар барлық жерде. Олар көңіл-күйімізге әсер етеді. Ақпаратты қабылдауға ықпал етеді.
Маркетингте еленбейтін ұсақ-түйек жоқ. Мүлдем. Ешқашан.
⠀
Түстер клиент назарын аудару үшін арнайы таңдалады. Дұрыс таңдалмаса, ақпарат та дұрыс қабылданбайды.
⠀
Жарнамадағы қызыл түс. Бұл еркіндіктің, қызуқандылық, маңыздылықтың белгісі.
Ақпараттың ең керек деген, ең өтімді деген жерін сізге ҚЫЗЫЛ түспен ұсынады. Әсіресе, ерлер қауымына арналған ақпараттарда жиі қолданылады.
⠀
Қызғылт-сары. Оптимизмнің, қуаныштың белгісі. Мақала атауын бояуда таптырмас түс. Бұл түс жылулықтың белгісі болғандықтан, балаларға ұнайды. Демек балалар тауарын, денсаулыққа байланысты посттарды әсемдеу үшін пайдаланылады.
⠀
Сары түс. Жан-жақтылық, мейірімділіктің белгісі. Жағдайда бейімдеу үшін таптырмас түс. Қызыл, қызғылт-сары сияқты ашық емес. Сондықтан фон үшін пайдаланады.
⠀
Жасыл түс- денсаулықтың, балғындықтың түсі. Сенімділік орнатады. Сондықтан баға жайлы не болмаса ауқымды мәтін осы түске боялады.
⠀
Қызғылт түс. Романтика, нәзіктік. Демек косметика, парфюмерия, танысу сайттарында жиі қолданылады.
⠀
Көгілдір. Оқырманға тыныштық пен сенімділік сыйлайды. Сол себепті бизнес мәтіндерінде қолданылады.
⠀
Қара. Қымбат әрі бағалы тауарларда қолданылады.
Адам психологиясы ақпаратты қабылдау кезінде мәтінге емес, ең бірінші, түстер, дизайнға мән береді. Бұл дәлелденген факт. Бұл деректі медиа өкілдері жақсы біледі.